Жетісу облысында 46 миллион теңгеден асатын ірі қара мал ұрлығы ащылды, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Ескелді ауданында болған. Жергілікті тұрғын полицияға арызданып, жайылымда бағылған 81 бас асыл тұқымды ірі қараның 39-ы жоғалғанын хабарлаған. Келтірілген шығын көлемі 46 миллион теңгеден асқан.
Арыз түскен бойда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын бастап, сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізді. Тергеу барысында малды 17 жыл бойы бағып келген 45 жастағы бақташының күдікке ілінгені анықталды.
Жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде оның қылмысқа қатысы бар екені дәлелденіп, күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жалғасуда.
Полиция барлық малдың иесіне қайтарылғанын хабарлады. Құқық қорғау органдары азаматтарды мал мен мүлікті қатаң бақылауда ұстауға және күмәнді жағдайлар туралы дер кезінде хабарлауға шақырады.