Әлем кубогі: Қазақстандық боксшы алғашқы айналымда тосын нәтижеге тап болды

Бүгін, 23:31 / Жамбыл Жайлау
instagram.com/boxingkazakhstan. Суретте: Бағлан Кенжебек

Бразилияда өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем кубогінің алғашқы кезеңінде қазақстандық боксшы Бағлан Кенжебек (55 кг) жарысты 1/16 финалда аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Отандасымыз алғашқы жекпе-жегінде армениялық Жирайр Саргсянмен кездесіп, төрешілердің шешімімен (2:3) жеңіліс тапты. Осылайша ол 1/8 финалға өте алмады.

Бұл нәтиже Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі үшінші жеңіліс болды. Бұған дейін Жансері Көшербаев (60 кг) пен Дәулет Төлемісов (90 кг) те жүлдеден тыс қалған еді.

Ал жарыстың екінші күніндегі кешкі сессияда рингке Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 кг) шығады. 2024 жылғы Олимпиада қатысушысының қарсыласы – тунистік Хассен Атиа.

Айта кетейік, World Boxing әлем кубогінің алғашқы кезеңі 20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатыр. Турнирге 50-ден астам елден 400-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жалпы саны 20 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазіргі таңда қазақстандық боксшылардың арасынан Назым Қызайбай (54 кг), Фарух Тоқтасынов (70 кг) және Диас Молжігітов (80 кг) келесі кезеңге жолдама алды.

Тэгтер:

бокс Бағлан Кенжебек