Дубайда ұсталған қазақстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылды

21 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
James C Hooper/Getty Images

Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталған қазақстандық азаматқа сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Министрлік мәліметінше, Дубайдың бірінші инстанция соты 18 наурыз күні Қазақстан азаматы Е. Алмаханды бірқатар ауыр қылмыстар бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Сонымен қатар оған айыппұл салынған.

Алайда сотталған азамат апелляциялық шағым түсіргендіктен, үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

СІМ өкілдерінің хабарлауынша, Қазақстанның елшілігі Біріккен Араб Әмірліктерінің құзырлы органдарына ресми сұрау жолдаған. Қазіргі уақытта жауап күтілуде. Ал Дубайдағы Қазақстанның Бас консулдығы азаматқа қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

Ведомство бұл істің ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Тэгтер:

Дубай