Ақтөбе тұрғыны танысын алдап, несиеге iPhone алған

Бүгін, 17:40 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтөбеде полицейлер танысының телефонын пайдаланып, қысқа уақыт ішінде бөліп төлеуге телефон тапсырыс берген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Орталық базар маңында болған. Сол жерде таныс ер адам мен әйел кездескен. Әңгіме барысында әйел ер адамнан хабарлама жіберу сылтауымен телефонын сұрап алған. Қолына алған соң, ол қосымша арқылы құны 422 мың теңге тұратын iPhone 15 телефонын 24 айға бөліп төлеуге рәсімдеген. Одан кейін ештеңе айтпастан телефонды иесіне қайтарып берген.

Бірнеше күннен кейін жәбірленуші сатып алудың рәсімделгенін біліп, полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Тэгтер:

Алаяқ несие Ақтөбе телефон алдау