Ұлыбританияда мамандар D витаминін шамадан тыс ішу денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті. Стюарт Ралс Metro басылымына берген сұхбатында уланудың ерте белгілерін дер кезінде тану маңызды екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сарапшының мәліметінше, ең жиі кездесетін алғашқы симптомдардың бірі – қатты шөлдеу. Сонымен қатар науқастарда жүрек айну, құсу және жалпы әлсіздік байқалуы мүмкін. Кейбір адамдар бұл жағдайды бас айналу ретінде сипаттайды.
Бұдан бөлек, ерте кезеңде келесі белгілер көрінуі ықтимал:
– тәбеттің төмендеуі
– бұлшықет ауыруы
– тез шаршау
– ойдың шатасуы
Ауыр жағдайларда қанда кальций деңгейі шамадан тыс жоғарылап, тітіркену немесе психикалық тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін. Бұл жағдай гиперкальциемия деп аталады.
Мамандардың айтуынша, жеңіл түрінде белгілер анық байқалмауы да мүмкін. Сондықтан күмән туындаса, өз бетімен емделмей, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.