Махамбет ауданының прокуратурасы еңбек және зейнетақы заңнамасы талаптарын бұзу салдарынан, 423 азаматтың құқықтары бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Атап айтқанда, Орталық аудандық аурухананың лауазымды тұлғалары заң талаптарын елемей, 338 қызметкерге қатысты 29 млн теңге көлемінде зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды төлемеген.
Тек прокуратураның араласуынан кейін, заң бұзушылықтар жойылып, қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылды, осылайша олардың конституциялық құқықтары қорғалды.
Осындай бұзушылықтар «Махамбет Су» КММ-нің 85 қызметкеріне қатысты да анықталды, мұнда 21 млн теңге көлемінде жарналар төленбеген.
Қадағалау актілері бойынша аталған кәсіпорындардың директорлары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 3 бабы (91, 92, 92-1)бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының басты міндеті.