Көкшетауда жоғалып кеткен зейнеткер өлі табылды

Бүгін, 14:59 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысында жоғалған зейнеткерді іздеу жұмыстары аяқталды. Ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

77 жастағы Владимир Громов «Үміт Шаңырақ» пансионатынан шамамен сағат 17:00–18:00 аралығында шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Оның деменциямен ауырғаны айтылып отыр, бұл іздеу жұмыстарын қиындатқан.

Іздеу шараларына полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды. Нәтижесінде Владимир Громов тіршілік белгілерінсіз табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

зейнеткер Көкшетау қарт қария пансионат