Балалар тағамынан тышқан улайтын дәрі табылды

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
cурет: istockphoto.com

Аустрияда және оған көршілес елдерде сатылған балалар тағамынан қауіпті зат анықталып, өнімдер дүкен сөрелерінен жаппай алынып жатыр. Нақтырақ айтқанда, HiPP компаниясының сәбилерге арналған көкөніс пюресінен тышқан уы табылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнімдер SPAR супермаркеттері арқылы Австрияда, сондай-ақ Словакия мен Чехияның кей аймақтарында сатылған. Билік бұл жағдайды өндірістік қателік емес, әдейі жасалған қылмыстық әрекет өнімді сырттан улау ретінде қарастырып отыр.

Тексеру барысында тағам құрамынан бромадиолон болуы мүмкін у табылған. Оның аз мөлшерінің өзі нәрестелерге аса қауіпті.

AGES мәліметінше, улану белгілері бірден байқалмауы мүмкін.

Мамандар мұндай жағдайда дереу дәрігерге жүгінуді ескертеді. Улану дер кезінде анықталса, оны К дәрумені арқылы емдеуге болады.

Өндіруші барлық өнімдерді сақтық мақсатында кері қайтарып, сатып алушыларға ақшасын толық қайтаруға дайын екенін хабарлады. Қайтару үшін чек талап етілмейді.

Қазіргі уақытта нақты күдікті анықталған жоқ, тергеу жалғасып жатыр.

Тэгтер:

тышқан балалар тағамы