Қарағандыда дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталды

Бүгін, 12:30 / Алуа Арман
polisia.kz

Қарағанды қаласында полицейлер алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен 36 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті  батыл түрде әрекет еткен. Ол зергерлік дүкен қызметкерлерінің назарын басқа жаққа аударып, үш рет бағалы әшекейлерді қолды қылған. Келтірілген жалпы шығын 263 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, ұрланған алтын бұйымдардың барлығы заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Тэгтер:

күдікті ұрлық алтын Дүкен зергерлік бұйым алтын бұйымдар алтын әшекей