Үкімет мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау бойынша түзетулер әзірлейді

Бүгін, 12:14 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Үкімет отырысында инклюзивті саясатты жүзеге асыру мәселесін қарау кезінде Премьер-министр Олжас Бектенов мүгедектігі бар адамдарды қолдау саласындағы заңнамалық базаны күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Еңбек министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп,  осы жылдың 1-ші қарашасына дейін  инклюзияны қолдаудың жаңа тәсілдері мен кешенді моделіне сәйкес  мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша  заңнамалық түзетулерді әзірлесін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.