Ақтөбеде жол ережесін 50 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Бүгін, 11:11 / Алуа Арман
polisia.kz

Ақтөбеде 50 рет жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарғалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында көршілес мемлекеттің азаматын анықтады. Ол басқарған жол талғамайтын көлікке автоматты камералар арқылы тіркелген шамамен 50 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тиесілі.

Анықталғандай, жүргізуші Ақтөбе қаласына тұрақты түрде келіп, облыс орталығынан шығатын жолдарда жылдамдық режимін жүйелі түрде бұзып отырған.

Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.

Полиция құқық бұзушылықтарды тіркеу автоматты режимде жүргізілетінін және әрбір құқық бұзушылық заңға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

 Азаматтығына қарамастан, барлық жол қозғалысына қатысушылар жол қозғалысы ережелерін сақтауға міндетті.

Жылдамдық режимін сақтау және жолдағы тәртіп — жол-көлік оқиғаларының алдын алудың және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі факторлары.

Тэгтер:

Ақтөбе жүргізуші жол ережесі