Мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру қағидалары бекітілді

Бүгін, 10:38 / Інжу Әлихан
Мәдениет және ақпарат министрлігі

Президент Жарлығымен «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебе беру қағидалары бекітілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құжат 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бекітілген қағидаларға сәйкес, «Ұлттық» мәртебесі архив ісі саласында мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы бар және белгіленген талаптарға сай келетін мемлекеттік архивтерге беріледі.