Түркістан облысында 200 млн теңге бюджет ақшасы қайтарылды

21 сәуір, 2026 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жетісай ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органмен тұрғын үй-жайларды сатып алу кезіндегі заңдылықтын сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талдау нәтижесімен жергілікті атқарушы органның  сыртқы және ішкі құрылыс жұмыстары толық аяқталмаған, техникалық ерекшеліктерге сәйкес келмейтін 28 пәтерді мемлекеттік сатып алулар арқылы қабылдап алғаны анықталды.   

Енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде 28 пәтерге негізсіз төленген 200 млн теңге жергілікті бюджетке кері қайтарылуы қамтамасыз етілді.

Тэгтер:

Бюджет Түркістан облысы қаржы қаражат