Жаңалықтар

Қытайдың ішкі жалпы өнімі 7 пайызға артқан

ашық дереккөзі

Қытайдың ішкі жалпы өнімі 7 пайызға артқан

Жылдық көрсеткішке шаққанда бірінші тоқсанда Қытайдың экономикасы 7 пайызға артып кетті, -  деп хабарлайды елдің статистика жөніндегі басқармасына сілтеме жасаған Евроньюс агенттігі.

Бұл Қытай үшін соңғы 6 жылда болып көрмеген ең төменгі көрсеткіштер. Сарапшылар, қазір ел экономикасы төмендеп жатыр дейді, Қытай экономикасын алға жетелеп отырған құрал, негізгі капиталға құйылған инвестициялардың ауқымы 2000 жылдардан бері қарай ең төменгі шегіне жетті. Ал, өндірістік саласындағы белсенділік дағдарысқа дейінгі ең төменгі шегіне жетті. Енді, ел Үкіметі инфляция мен экономиканың қызуын тоқтату үшін бірталай құрылымдық реформаларға дайындалып жатыр дейді мамандар. Алайда, қазіргі жағдайда жылдық 7 пайыздық өсім, жақсы көрсеткіш болып отыр.