«Ол сатқын»: Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекова туралы ашық мәлімдеме жасады

Бүгін, 06:27 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында әнші Мөлдір Әуелбековаға қатысты пікір білдіріп, оқырмандарын "20 жыл KeshYOU" фильміне арналған үшінші бөлімді күтуге шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Баян Алагөзова жазбасында енді өзіне және жасаған еңбегіне құрметсіздік көрсетуге жол бермейтінін айтты.

"Мен енді саған маған және сен үшін жасаған барлық ісіме түкіруге жол бермеймін", – деп жазды ол.

Сондай-ақ продюсер Мөлдір Әуелбекованың концертке біржақты тәртіппен қатысудан бас тартқанын алға тартты.

"Мен фильмде оның беделін барынша көтеруге тырысқанымда, ол концертке қатыспайтынын өз бетінше шешті", – деді Баян Алагөзова.

Одан бөлек, продюсер әншіні "сатқын" деп атап, не себепті бұлай айтқанын кейінірек түсіндіретінін жеткізді.

"Оның неге шын мәнінде сатқын екенін айтатын уақыт келген сияқты", – деп жазды ол.