Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының бірінші кезеңінде қазақстандық боксшылар алғашқы күннің күндізгі сессиясында бір жеңіс пен екі жеңіліс тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
А рингінде 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Назым Қызайбай 1/16 финалда түркиялық Айшен Ташкынды төрешілердің шешімімен (4:1) жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Сол рингте 90 келіге дейінгі салмақта Дәулет Төлемісов 1/8 финалда бразилиялық Исайас Фильоға төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (0:5) есе жіберіп, жарысты аяқтады.
Ал В рингінде 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жансері Көшербаев 1/16 финалда ирландиялық Джуд Галлахерге төрешілердің шешімімен жол берді.
Айта кетейік, Фос-ду-Игуасудағы жарыс 26 сәуірге дейін жалғасады. Турнирге 50 елден 400-ден астам боксшы қатысуда.