Жекпе-жектен кейін рингте сүйіктісіне ұсыныс жасаған боксшы күтпеген жағдайға тап болды

20 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Орынборлық боксшы, Еуропа чемпионы Габил Мамедов жекпе-жектен кейін сүйіктісіне жасаған ұсыныстан соң көп ұзамай үйлену тойы болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы 23 ақпанда Мәскеуде өткен жекпе-жекте кубалық қарсыласы Виктор Пересті жеңгеннен кейін рингте ерекше сәт ұйымдастырған еді. Ол сүйіктісі Алсуды көпшілік алдында шақырып, тізе бүгіп, үйленуге ұсыныс жасаған. Қыз оның ұсынысын қабылдап, бұл сәт әлеуметтік желілерде кеңінен тараған болатын.

Алайда арада екі айға жетпейтін уақыт өткен соң, боксшы өз парақшасында тойдың болмайтынын хабарлап, оқырмандарын таңғалдырды.

"Той болмайды. Асығыс шешім қабылдағанымды мойындаймын. Бұл – өмір, бұл – тәжірибе. "Не болды?" деп сұрамаңыздар, бұл тек жақындарыма белгілі", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа түрлі пікір білдірді. Көпшілік спортшыны қолдап, оның шешімін түсінуге тырысса, кейбірі түрлі болжамдар айтқан.

Айта кетейік, осы жеңістен кейін Мамедов Самарада өткен әуесқой турнирге қатысып, төрешілер шешімімен Иван Григорьевке есе жіберген.

Тэгтер:

боксшы ұсыныс