Доллар бағасы көтерілді

Бүгін, 17:15 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 469,49 теңгені құрап, 0,14 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 20 сәуірге белгіленген ресми доллар бағамы — 469,52 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 467,3 теңге, сату бағамы — 470 теңге. Астанада долларды орта есеппен 466 теңгеден сатып алып, 473 теңгеден сатады. Шымкентте долларды орташа есеппен 468,12 теңгеден сатып алып, 470,78 теңгеден сатады.

Еске салайық, 30 наурыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 1,35 теңгеге төмендеді, 31 наурызда — 2,7 теңгеге, 1 сәуірде — 3,06 теңгеге, 2 сәуірде — 2,76 теңгеге, 3 сәуірде — 1,96 теңгеге, 6 сәуірде — 4,07 теңгеге, 7 сәуірде — 4,88 теңгеге төмендеді. Ал 8 сәуірде 12,32 теңгеге, 9 сәуірде 4,19 теңгеге өсті, 10 сәуірде 5,65 теңгеге төмендеді, 13 сәуірде 1,71 теңгеге, 14 сәуірде 1,92 теңгеге өсті, 15 сәуірде 2,63 теңгеге, 16 сәуірде 2,61 теңгеге, 17 сәуірде 1,68 теңгеге төмендеді.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор бағам