Алматыда арықтан ер адамның мәйіті табылды

20 сәуір, 2026 / Алуа Арман
gov.kz

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бостандық ауданында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мәйітті кәріз жүйесін жөндеуге келген коммуналдық қызметкерлер тапқан.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мас күйінде тепе-теңдігін жоғалтып, арыққа құлап кеткен. Алған дене жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған», — деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу әрекеттері жалғасуда.

Тэгтер:

Алматы мәйіт Ер адам арық