Қазақстан тұрғыны 2012 жылы жасаған қарақшылық қылмысы үшін 14 жылдан кейін Таллиннен табылды. Осы уақыт бойы ол бөтен есіммен және жалған құжаттармен жасырынып жүрген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Павлодар облысының жедел қызметкерлері Интерполмен бірлесіп оның жеке басын анықтады — қазір оны елге экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.
Бұл «Розыск» жедел-алдын алу іс-шарасы аясындағы ең резонансты нәтиже болды. Осы шара барысында Павлодар облысында 16 қылмыскер анықталды, олардың ішінде ТМД елдерінде қылмыс жасаған тоғыз шетел азаматы бар.
Жыл басынан бері павлодарлық жедел қызметкерлер халықаралық іздеуде жүрген 47 адамды анықтап, ұстады. Олардың 15-і Қазақстаннан тыс жерде ұсталған.
«Тағы бір нәтиже Шарбақты ауданында тіркелді. Мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған кезде Ресейдегі әріптестеріміз іздеген Қырғызстан азаматы ұсталды, бұл туралы іздеу жариялаған тарапқа хабар берілді», — деп атап өтті Павлодар облысының полициясы.