Ақмола облысында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жол апаты 19 сәуір күні облыстық маңызы бар Жолымбет – Пригородное автожолының 5-шақырымында болған.
«Жол-көлік оқиғасы Chevrolet Cobalt автокөлігінің қатысуымен орын алып, көлік аударылған. Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.