Диагнозды 80% қате қойған: ЖИ дәрігерді алмастыра алмайды

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Ауқымды зерттеу нәтижесі жасанды интеллекттің медицинада әлі толық сенімді құрал емес екенін көрсетті. Mass General Brigham мамандары жүргізген талдауға сәйкес, ЖИ бастапқы диагнозды 80%-дан астам жағдайда дұрыс қоя алмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеу JAMA Network Open басылымында жарияланған. Ғалымдардың айтуынша, генеративті ЖИ клиникалық ойлау процесінің негізгі элементі – дифференциалды диагноз жасауда әлсіздік танытады. Бұл – ұқсас белгілері бар ауруларды бір-бірінен ажыратудың алғашқы әрі ең маңызды кезеңі.

Сынақ барысында 21 түрлі модель тексерілген. Олардың қатарында GPT, Gemini, Claude және Grok бар. Модельдерге науқас туралы мәліметтер кезең-кезеңімен беріліп, олардың диагноз қою, тексеру тағайындау және ем жоспарын құру қабілеті бағаланған.

Нәтижесінде ЖИ соңғы диагнозды кей жағдайларда дәл анықтай алғанымен, бастапқы кезеңдегі логикалық сараптау мен белгісіздік жағдайында шешім қабылдауда жиі қателесетіні анықталды.

Зерттеу авторларының пікірінше, қазіргі ЖИ жүйелері дәрігердің орнын баса алмайды және оларды тек маман бақылауымен ғана қолдану қажет.

Тэгтер:

диагноз дәрігер ЖИ