€100 000 ұтып алуға мүмкіндік: Павел Дуров халықаралық эссе байқауын жариялады

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: Dave Bedrosian / Keystone Press Agency / Global Look Press

25 жасқа дейінгі жастар интернеттегі еркіндік туралы эссе жазып, ірі сыйлыққа ие бола алады. Бұл бастама The Youth Liberty Prize 2026 аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Байқаудың негізгі тақырыбы: «Мемлекет код жазғанда: цифрлық реттеу еркіндікке қалай әсер етеді?». Яғни, мемлекеттердің технологиялар мен цифрлық жүйелер арқылы қоғамға ықпал етуі талқыланады.

Жалпы жүлде қоры – €170 000. Оның ішінде бірінші орынға €100 000 беріледі. Үздік үш жұмыс Madrid Annual Conference on Austrian Economics барысында таныстырылып, ресми сайтта жарияланады.

Байқау Аустриялық экономика мектебі қағидаттарына негізделген. Бұл бағыт мемлекет араласуын шектеуді және жеке еркіндікті қолдайды.

Қазылар алқасы жұмыстарды үш негізгі критерий бойынша бағалайды:
– жаңашылдығы
– талдау тереңдігі
– ойдың анықтығы

Эссені мына сілтемге өтіп жіберуге болады.

Тэгтер:

Байқау Павел Дуров эссе