«ҚазМұнайГаз» 2016 жылы қанша табыс тапқанын жариялады
«ҚазМұнайГаз» 2016 жылы қанша табыс тапқанын жариялады
Өткен жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) компанияларының қанша табыс тапқаны белгілі болды. Акционерлік қоғамның таза табысы 360 млрд. 171 млн. теңгені (1 млрд. 63 млн. доллар) құраған. Бұл туралы ҚМГ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
«2016 жылы негізгі қызметтен түскен кіріс 3 трлн. 553 млрд. теңгені (10,54 млрд. АҚШ доллары) құрады. Таза табыс - 360 млрд. 171 млн. теңге (1 млрд. 063 млн. АҚШ доллары). ҚР бюджетіне салықтар мен өзге де міндетті төлемдер, соның ішінде негізгі еншілес ұйымдар бойынша, 456 млрд. 987 млн.теңгені (1 млрд. 337 млн. АҚШ доллары) құрады. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға аз. Төмендеу үрдісінің негізгі себебі 2015 жылы теңгенің девальвациясынан кейін валюта бағамының айырмасынан алынған оң кірістің болуы. Онымен қоса, бюджетке төлемдердің төмендеуі мұнайдың орташа бағасының 17 пайызға арзандауы әсер етті», - деп атап өтті ҚМГ-нің баспасөз қызметінен.