Қазақстанда тағы бір жаңа мереке пайда болмақ

Бүгін, 11:00 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

2026 жылғы 15 сәуірдегі ҚР Үкіметінің тиісті қаулысымен мерекелік күндер тізбесіне толықтыру енгізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құжатқа сәйкес, мерекелер қатары жаңа тармақпен толықты: 3 қыркүйек — Қазақ тазылары мен төбеттері күні.

Қаулы 2017 жылғы 31 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» құжатқа өзгеріс енгізеді және 2026 жылғы 28 сәуірден бастап күшіне енеді.