«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
20 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Өскемен, Семей, Риддер, Талдықорған, Алматы және Астана қалаларында күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.