Жетісу облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан көлікте қысылып қалған адам құтқарылды.
Оқиға бүгін Талдықорған қаласында Алматы – Өскемен автожолының 277-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі автокөлік соқтығысқан.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы шұғыл жетіп, арнайы гидравликалық құралдардың көмегімен көлікте қысылып қалған зардап шегушіні шығарып алды.
Құтқарылған ер адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы туралы қосымша ақпарат нақтылануда.