Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында батпақты жерде қалып қойған екі жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиға гараж массивінің артындағы аумақта болған. 2
010 және 2013 жылы туған екі қыз жолды қысқартпақ болып, батпақты жерге кіріп кеткен. Соның салдарынан олар өздігінен шыға алмай қалған.
Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағы жедел жетіп, қыздарды батпақтан аман-есен алып шықты. Кейін құтқарушылар оларды үйлеріне жеткізді. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмаған, — делінген хабарламада.