Семсерлесуден Венгриядағы Гран-при: Ерлік Сертай финалға шықты

19 сәуір, 2026 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстан құрамасының семсерлесушісі Ерлік Сертай Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан Гран-при турнирінің алтын медалі үшін сынға түседі.

Жекелей сайыста отандасымыз финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Сертай Швейцария өкілі Ян Хауриді 15:12 есебімен жеңді.

Енді шешуші кездесуде Ерлік венгриялық Давид Надьпен алтын жүлдені сарапқа салады.