Штутгарт WTA 500: Елена Рыбакина финалға сенімді түрде жолдама алды

Бүгін, 00:33 / Нұрлан Әлинұр
ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германиядағы беделді Штутгарт WTA 500 турнирінің шешуші сатысына шықты. Жартылай финалда жерлесіміз әлемнің 9-шы ракеткасы Мирра Андреевадан басым түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тартысты басталған алғашқы сетте Елена маңызды сәттерде салқынқандылық танытып, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші партияда Рыбакина кортта толық үстемдік құрды: оның жоғары шеберлігі мен тактикалық басымдығы қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Бұл сетте Елена небары бір геймде ғана есе жіберіп, ойынды 6:1 есебімен аяқтады.

Енді доданың бас жүлдесі үшін Елена Рыбакина чехиялық Каролина Муховамен (№12 WTA) кездеседі. Мухова бұған дейін Украина өкілі Элина Свитолинаны (4:6, 6:2, 4:6) жарыс жолынан шығарған болатын. 2024 жылғы Штутгарт чемпионы Елена Рыбакинаның өз табысын қайталауға тамаша мүмкіндігі бар.