Оралда қылмыс жасаған екі армениялық азамат ұсталды

Бүгін, 16:47 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Батыс Қазақстан облысы аумағында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан күдіктілер мен хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың тұрған жерін анықтау және ұстау мақсатында «Іздестіру» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 2025 жылы наурыз айында Орал қаласында жасалған пәтер ұрлығы бойынша Армения Республикасының екі азаматы іздеуде болған.

Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында аталған екі күдікті Ереван қаласында анықталып, ұсталды.

Жалпы, екі күн ішінде жүргізілген іс-шара нәтижесінде 17 күдікті қолға түсті. Оның ішінде төртеуі Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті тарапынан ауыр қылмыстар жасағаны үшін іздестірілсе, 11-і Ресей Федерациясының, сондай-ақ бір-бірден Өзбекстан мен Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдарымен іздеуде болған. Сонымен қатар Орал қаласы аумағында бұрын хабар-ошарсыз кеткен деп танылған 3 азаматтың тұрған жері анықталды, - деп хабарлады ведомстводан.