Лионель Месси өз мансабында күтпеген бетбұрыс жасады

17 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
Scott Taetsch/Getty Images. Суретте: Лионель Месси

Аргентиналық футбол жұлдызы, «Алтын доптың» сегіз дүркін иегері Лионель Месси Испаниядағы «Корнелья» клубының иесі атанды. Бұл туралы клуб ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Клубтың хабарламасында Мессидің келуі ұйым үшін жаңа кезеңнің бастамасы екені айтылған. Оның қатысуы команданың спорттық және институционалдық дамуына серпін беріп, құрылымды нығайтуға әрі жас таланттарды қолдауға бағытталмақ.

Қазіргі таңда «Корнелья» өз тобында 30 турдан кейін 55 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында келеді. Маусымның аяқталуына төрт тур қалғанда команда көшбасшыдан бес ұпайға қалып отыр.

Лионель Месси – футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі. Ол Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атанып, «Барселона» клубында өнер көрсеткен жылдары көптеген жетістікке жетті. 38 жастағы футболшы алдағы әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.

Тэгтер:

Футбол Лионель Месси