"100 мың берсе де өзі шешеді": Жазира Байырбекова келініне берген қалың мал көлеміне пікір білдірді

Бүгін, 21:06 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Белгілі әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында құдаларына берген қалың мал көлеміне қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің айтуынша, келінге берілген қалың мал көлемі қоғамда мұндай деңгейде талқыланады деп күтпеген. Ол құдалар арасында қаржылық мәселелерге байланысты ешқандай талап немесе келісім болмағанын атап өтті.

"Келінімізге берген қалың мал көлемі осыншалықты әңгіме болып кетеді деп ойламадым. Құда-құдағиымызбен арамызда "кім не әкелді, қанша әкелді" деген дүниеге, ақшаға байланысты келісім, ешқандай әңгіме болған жоқ.

Әрқайсымыз сыйлықтарымызды өз қалауымызбен, шын көңілімізбен жасадық. 

Әр ата-ана үшін ұл да, қыз да баға жетпес қой. Сол үшін ақшамен бағалаған дұрыс емес. 100 мың берсе де, 100 млн берсе де, жігіттің ата-анасы өзі шешеді деп ойлаймын.

Қыздың ата-анасының қалың мал сұрағаны, аз берсе, аз бердің деп ренжитіндерді түсіне алмаймын. "Теңін тапса тегін бер" деп бекер айтылмаған", – деп жазды Жазира Байырбекова.

Тэгтер:

Жазира Байырбекова қалың мал