Ормуз бұғазы қайта ашылады: Иран шұғыл мәлімдеме жасады

Бүгін, 20:09 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Ливандағы уақытша бітім кезеңінде Ормуз бұғазы барлық коммерциялық кемелер үшін ашық болады. Бұл туралы Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, бітімгершілік мерзімі аяқталғанша бұғаз арқылы өтетін барлық сауда кемелеріне еркін қозғалысқа рұқсат беріледі.

"Ливандағы бітім күшінде болған кезеңде Ормуз бұғазы коммерциялық кемелер үшін толық ашық болады", – деп жазды министр X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасында 10 күндік атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгенін хабарлаған. Бұл келісім 18 сәуірге қараған түні күшіне енеді.

Ормуз бұғазы – аймақтағы геосаяси тұрғыдан аса маңызды бағыттардың бірі. Бұл арқылы Таяу Шығыстағы мұнай тасымалы жүзеге асырылады.

Соғыс басталған кезде Иран бұғазды жауып, танкерлердің өтуіне шектеу қойған. Кейін келіссөздер нәтижесіз аяқталған соң, АҚШ тарапы да Иран кемелеріне шектеу енгізген.

Тэгтер:

АҚШ иран Ормуз бұғазы