Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

Бүгін, 16:30 / Інжу Әлихан
отан

Өзбекстан Республикасы Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінің Гуманитарлық пәндер факультеті Қазақ тілі және әдебиеті бағыты ҚТА 23/1 тобының ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби-мәдени кеш өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кеш барысында ақынның сырлы жырлары оқылып, жан тебірентер монологтар орындалып, жүрек қылын шертер әндер шырқалды.

Өскелең ұрпақтың ақынға деген құрметі мен тағзымы арнау өлеңдер арқылы көрініс тапты.

Әрбір қойылымнан ақиық ақынның асқақ рухы сезіліп, көрерменге ерекше әсер сыйлады