«Қайтадан тәй-тәй басып жүрмін»: Шетелде ем-дом алып жатқан Тамара Асар әсерлі жазба жариялады

Бүгін, 16:15 / Інжу Әлихан
жеке парақшасынан

Әнші Тамара Асар шетелде ем алып жатқанын айтып, қайта жүріп үйреніп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Шетелдемін. Алла сәтін салса.  

Үш күннен бері қайтадан тәй-тәй басып, жүріп үйреніп жатырмын. Отырған орыннан көтеріліп, мұп-мұздай болған аяққа дұрыс міну — жетістік.

Бір жаққа қарай ауып кетпей, тепе-теңдікпен бойыңды тік ұстау — жеңіс. Өз комфортына жайғасып алған жылы дененің ауырсынуына,қажалғанына қарамай күрделі кезеңге бағыттап,босата білу- көну арқылы келген — ерлік",  -деді ол.

Сондай-ақ ол әр қадамның артында еңбек пен төзім жатқанын айтты.

«Бір қадамды мың рет тынбай қайталау — еңбек. Қажалудың қанымен, ауырсынудан жотадан сорғалаған терге бой бермеу— жеңіс. Ал әрбір басқан қадам ойдағыдай өзі әдемі,өзі нық болса бұл бұйырса — жеміс! Тәнің мен жаныңды бір Аллаға тапсырып, бағыну арқылы бағындыру —  рахат!

Бәрі өмірдегідей, ал өмір, кәдімгі спорттағыдай…», - деді Т. Асар.