Дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Бүгін, 14:33 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Әділет Алмат Ордоста (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық дзюдошы 81 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында тәжікстандық Сомон Махмадбековті жеңді.

Осылайша Әділет Алмат Азия чемпионатын алтын медальмен аяқтады.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында үш жүлде бар. Бұған дейін Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) және Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін) қола медаль алған еді.

Тэгтер:

дзюдо Әділет Алмат