Ордоста (ҚХР) өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық Абылайхан Жұбаназар қола медаль үшін күреседі, деп хабарлайды turkystan.kz.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшымыз жұбаныш кезеңінде БАӘ өкілі Нургази Таталашвилиді жеңіп, қола жүлде үшін белдесуге жолдама алды. Енді оның қарсыласы - Бахрейн өкілі Аскербий Гербеков.