Үш облыста жол ашылды

Бүгін, 10:55 / Алуа Арман
istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол» Шығыс Қазақстан, Қарағанды мен Ұлытау облыстарында көлік қозғалысы ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шығыс Қазақстан облысы

2026 жылғы 17 сәуір сағат 10:30-да республикалық маңызы бар «Алматы — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1104-1191 шақырым аралығындағы учаскесінде (Глубокое ауылы — Шемонаиха қаласы) қозғалыс ашылды.

2026 жылғы 17 cәуір сағат 11:00-де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылады:

Қарағанды облысы

- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 788-906 шақырым аралығы (Ұлытау облысының шекарасы — Топар кенті).

Ұлытау облысы

- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 433-788 шақырым аралығы (Жезқазған қаласы – Қарағанды облысының шекарасы).

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Тэгтер:

ауа райы Қарағанды облысы автожол тасжол Шығыс Қазақстан Ұлытау облысы трасса