Ауа-райына байланысты екі облыста жол жабылды

Бүгін, 09:22 / Алуа Арман
istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол» компаниясы ауа-райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды және Ұлытау облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 17 сәуір сағат 09:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің (сонымен бірге жазғы дөңгелекпен жабдықталған барлық көліктер) қозғалысына уақытша шектеу қойылды:

Шығыс Қазақстан облысы

- «Өскемен — Семей» автожолының 12-45 шақырым аралығы (Казачье ауылы — Таврия ауылы);

- «Өскемен — Семей» автожолының 48-103 шақырым аралығы (Таврия ауылы — Абай облысы шекарасы);

- «Өскемен — Риддер — РФ шекарасы» автожолының 0-105 шақырым аралығы (Өскемен қаласы — Риддер қаласы);

- «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 7-166 шақырым аралығы (Ушановское ауылы — Алтай қаласы);

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы»  автожолының 1089-1191 шақырым аралығы (Өскемен қаласы — Алтай қаласы);

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы»  автожолының 1013-1062 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы — Рубеж кенті).

Абай облысы

- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы — Шығыс Қазақстан облысының шекарасы);

- «Өскемен – Семей» автожолының 103-198 шақырым аралығы (Шығыс Қазақстан облысының шекарасы — Семей қаласы).

Жолды 2026 жылғы 17 сәуір сағат 14:00-де ашу жоспарланған.

Абай облысы      

2026 жылғы 17 сәуір сағат 09:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы автожолдарда барлық көлік түрлерінің қоғалысына уақытша шектеу қойылады:      

- «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 756-906 шақырым аралығы (Семей қаласы — Қалбатау ауылы)

 - «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы»  автожолының 778-967 шақырым аралығы (Аягөз қаласы – Қалбатау ауылы)

Жолды 2026 жылғы 17 сәуір сағат 15:00-де ашу жоспарланған. 

Тэгтер:

Абай облысы автожол тасжол Шығыс Қазақстан трасса