Құлынынан айрылып, жылап тұрған биенің видеосы желі қолданушыларының жүрегін елжіретті

Бүгін, 22:30 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Құлынынан айрылып қалған биенің видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, 2,6 миллионнан астам қаралым жинады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы жағдай жайылымда болған. Құлын түнде өліп қалған, ал оның денесі тек таңертең табылған. Сол уақыттан бастап анасы оның жанынан кетпей, түн бойы және келесі күні де қасында тұрған.

Бейнежазбада жануардың көзінен жас ағып тұрғаны байқалады.

"Мен мұндайды алғаш рет көрдім. Бүгін біздің көз алдымызда бие жылады. Ол түнімен, күні бойы қасында тұрды. Жануарларда да аналық сезім бар", – делінген жазбада.

Видео 2,6 миллионнан астам рет қаралған. Көптеген қолданушы жануардың қайғысына бейжай қарай алмады. Пікір жазғандар бие үнсіз қайғырғанымен, оның жағдайы жүрекке одан да қатты әсер еткенін айтқан.

Тэгтер:

Жылқы бие құлын