Шығыс Қазақстанда қаржылық пирамидаларға қарсы акция ұйымдастырылды

Бүгін, 18:41 / Дана Ізтілеуова

16 сәуірде «Заң мен тәртіп» нарративін іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті облыс прокуратурасы және әкімдігімен бірлесіп, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары арасында «Стоп пирамида! Қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбында акция өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шараның мақсаты – педагогтердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, олардың алаяқтық схемаларды, соның ішінде қаржылық пирамидаларды тану дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ алынған білімді білім алушылар арасында тарату арқылы олардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуының алдын алу.

Іс-шара барысында лекторлар қаржылық пирамидалардың негізгі белгілері мен алдын алу шаралары туралы айтып, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің AI-офицері – AI_DOS көмегімен қаржылық қауіпсіздік бойынша лекциялық материалдарды көрсетті.

Педагогтер талқылауға белсенді қатысып, жоғары кәсіби қызығушылық пен белсенділік танытты.

Диалог барысында қаржылық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер көтерілді. Пікір алмасу конструктивті түрде өтіп, мазмұнды әрі нәтижелі пікірталастың қалыптасуына ықпал етті.