Парижде өткен қайырымдылық лотореясында 58 жастағы инженер небәрі 100 еуроға құны 1 миллион еуродан асатын әйгілі суретті иеленді. Ұтыс Christie’s ұйымдастырған рәсімде тікелей эфирде ойнатылды, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.
Жеңімпаз Ари Одара – өнерге қызығушылығы бар қарапайым инженер. Ол билет сатып алу туралы шешімді кездейсоқ қабылдағанын айтады. Ұтыс туралы хабарды естігенде алғашында сенбеген.
Жүлде ретінде 1941 жылы салынған “Tête de femme” («Әйелдің басы») картинасы берілді. Бұл туынды Дора Маарбейнесін сомдайды. Сурет жеке коллекциядан ұсынылған.
Барлығы 120 мың билет сатылып, шамамен 12 миллион еуро жиналған. Оның 11 миллионы Alzheimer’s Research Foundation арқылы Альцгеймер ауруын зерттеуге бағытталады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар алғаш рет өткізіліп отырған жоқ. Бұған дейін 2013 және 2020 жылдары да Пикассо туындылары ұтысқа қойылып, миллиондаған еуро қайырымдылыққа жиналған.