Клиентінен 31 млн теңге алған: Ұлытау облысында алаяқ адвокат сотталды

Бүгін, 17:51 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ұлытау облысында адвокат аса ірі мөлшердегі алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биылғы жылдың ақпан айында облыс прокуратурасы Ұлытау облысы адвокаттар алқасының адвокатын ұстады.

 Тергеу барысында оның алдау жолымен сенім білдірушіні жаңылыстырып, ұлына қатысты қылмыстық істі тоқтату мәселесін шешу үшін лауазымды тұлғаларға берілетінін айтып, ақшалай сыйақы беруге көндіргені анықталды. 

Нәтижесінде адвокат алаяқтық жолмен сенім білдірушіден 31 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алған. 

Жезқазған қалалық сотының үкімімен адвокат 6 жылға бас бостандығынан айырылып, 5 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен және заң консультанты қызметімен айналысу құқығынан айырылды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

Алаяқ Ұлытау облысы адвокат пара беру