Теннисші Даниэль Тазабеков Франциядағы турнирдің финалына жолдама алды

Бүгін, 17:30 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстандық теннисші Даниэль Тазабеков Францияның Больё-сюр-Мер қаласында өтіп жатқан ITF World Tennis Tour Juniors санатындағы J300 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жұптық сайыстың жартылай финалында Даниэль жапониялық Такамаса Кавагутимен бірге франциялықтар Марк Доменик пен Дени Жадені 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Финалда Тазабеков пен Кавагути Беларусь өкілі Ричард Лацис пен ресейлік Савва Рыбкинге қарсы ойнайды.

Тэгтер:

Турнир теннис финал Даниэль Тазабеков