Маңғыстауда тауарды уақытында жеткізбеген кәсіпкерден 190 млн теңге өндірілді

16 сәуір, 2026 / Алуа Арман
istockphoto.com

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеткізу шартының орындалмауына байланысты «К» ЖШС-нен ақша сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2024 жылғы 5 сәуірде «П» АҚ мен «К» ЖШС арасында жеткізу шарты жасалған. Шарт талаптарына сәйкес жеткізуші жалпы құны 635 млн теңгені құрайтын тауарды жеткізуге міндеттенген.

Шарт талаптарына сай сатып алушы 30% алдын ала төлем ретінде 190,5 млн теңге аударған, алайда жеткізуші тауарды шартта көрсетілген мерзімде жеткізбеген.

 Сот талқылауы барысында анықталды:

-алдын ала төлемнің алынғаны;

-тауардың нақты жеткізілмегені;

-қабылдау-тапсыру құжаттарының рәсімделмегені;

-жеткізушінің міндеттемелерін тиісінше орындамағаны анықталды.

 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 419-бабының 1-тармағына сәйкес сатып алушы төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

 Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, «К» ЖШС-нен «П» АҚ-ның пайдасына 190,5 млн теңге алдын ала төлем, сондай-ақ 2,2 млн. теңге өсімпұл және 5,7 млн. теңге мемлекеттік бажды төлеу бойынша сот шығындары өндірілді.

Тэгтер:

Маңғыстау облысы тауар жеткізу