Хоккейші әйелдер әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бүгін, 10:45 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Испанияның Пучсерда қаласында өтіп жатқан IB дивизионындағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Біздің құрама Испания командасымен кездесті. Ойын қазақстандық хоккейшілердің пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Испания – Қазақстан 2:3 (1:1, 0:1, 1:1)

0:1 - 16:52 – Филимонова (Буторина, Шегай) - артық құрамдағы гол

1:1 - 17:37 – Хименес (Кастельянос)

1:2 - 31:39 – Оразбаева (Шегай, Филимонова)

2:2 - 41:31 – Серна Эскурдия (Бош) - артық құрамдағы гол

2:3 - 45:18 – Филимонова (Тұрсынова)

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Латвия мен Нидерланд құрамаларына есе жіберген еді.