Қарағанды және Ақмола облыстарында көктайғаққа байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.
«КазАвтоЖол ҰК» АҚ деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта еліміздің республикалық маңызы бар автожолдарының төмендегі учаскелерінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс жабық:
Ақмола облысы:
- Жібек Жолы төлем қабылдау пункті – Қарағанды облысының шекарасы;
Қарағанды облысы:
- Ақмола облысының шекарасы – Теміртау төлем қабылдау пункті.
Жолды 16 сәуір күні сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Осы ретте еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді!
дауыл туралы ескертулерді қадағалау;
жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру;
алыс қашықтыққа, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тарту.