20 жыл күткен алтын: Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионы атанды

Бүгін, 21:32 / Жамбыл Жайлау
olympic.kz. Суретте: Айым Серікбаева

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы маңызды жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айым Серікбаева турнир жеңімпазы атанып, алтын медальға ие болды. Бұл жеңіс – қазақстандық таеквондо тарихындағы соңғы жиырма жылдағы алғашқы жоғары нәтиже ретінде тіркелді.

Финалда отандасымыз мексикалық спортшы Понсе Нуньес Дара Ширлимен кездесіп, 2:0 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. Шешуші жекпе-жекте Айым өзінің жоғары деңгейдегі техникасы мен тактикалық дайындығын көрсетіп, қарсыласынан басым түсті.

Alash.kz жазуынша, Қазақстан жастар құрамасы үшін мұндай деңгейдегі алтын медаль соңғы рет 2006 жылы алынған еді. Осылайша, Айым Серікбаева ел спорты тарихында жаңа белеске жол ашты.

Тэгтер:

Айым Серікбаева