Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әзербайжанды тағы да жеңді

15 сәуір, 2026 / Жамбыл Жайлау
ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы Ақтауда Әзербайжанға қарсы екінші жолдастық матч өткізіп, тағы да жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Есепті 14-минутта ұлтты құрама ойыншысы Азат Валиуллин ашты. Алайда бір минуттан кейін Ульви Алиев таразы басын теңестірді. 17-минутта Альберт Ақбалықов Қазақстан құрамасын қайта алға шығарса, көп ұзамай Адалат Алакбаров жауап голын соқты. Осылайша бірінші тайм 2:2 есебімен аяқталды.

Екінші таймда Альберт Ақбалықов (28-минут) дубль авторы атанып, есепті өзгертті. Ал матчтың соңғы нүктесін Дамир Қайырбай (33-минут) қойды. Қорытынды есеп – 4:2.

Айта кетейік, командалар арасындағы алғашқы кездесу де қазақстандықтардың ірі жеңісімен аяқталған еді – 9:2. 

Қазіргі таңда Қазақстан футзал құрамасы ФИФА рейтингінде 9-орында тұр, ал Әзербайжан құрамасы 53-сатыда орналасқан.

Тэгтер:

Қазақстан Футзал Әзербайжан